Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді.

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы қалай?

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжілісте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өмір сүру сапасын жақсарту іс-шараларының орындалу барысы туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.Бурибаева хабарлама жасады.

Шымкент: Қонаев даңғылын ұзарту жұмысы қарқынды жалғасуда

Шымкент қаласындағы Асар шағынауданынан 2016 жылы 5 қабатты 30 үй салынған. Өкінішке қарай, бүгінге дейін көпшілігінің қасбеті бұзылып, көркі қашқан. Жергілікті тұрғындар қала әкімі алдында мәселені айтқанда демеушілер есебінен жөндеп беруге уәде берілген болатын.

Шымкент: Жұмысын қайта бастаған нысандардың тізімі жарияланды

Шымкент қаласында 11 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, бірнеше шағын және орта бизнес нысандары мен қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық көліктер мен сауда базарлары жұмысын қайта бастады. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды- инновациялық даму басқармасы хабарлады. 

Шымкент: Қала әкімі карантин кезінде қоғамдық жұмысқа тартылған 100 сарбазға алғыс хат табыстады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төтенше жағдай кезінде қаланы залалсыздандыру жұмыстары мен блок бекеттерде білек сыбана еңбек еткен 100 сарбазды марапаттап, әрқайсысына ерекше құрмет көрсетіп, алғыс хатын табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап,«AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлады.