ТУРКИЯ МЕН ТҮРКІСТАН АРАСЫНДАҒЫ ДОСТАСТЫҚ КЕЛІСІМІ НЫҒАЯ ТҮСТІ

Бүгін Түркістан қаласы мен Түркияның Мальтепе муниципалитеті арасында "Достастық" меморандумына қол қойылды.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен Мальтепе муниципалитетінің басшысы Али Кылыч екі шаһар арасындағы достастық келісімін қабылдап, қол алысты.

Алғы сөз алған, шаһар басшысы "Біз түбі бір бауырлас халықпыз, сенімді стратегиялық әріптеспіз. Түркі жұртының рухани астанасы - Түркістанымызбен достастығыңызды білдіріп келгеніңізге ризамын. Бүгінгі кездесуде жаңа жобалардың негізі қаланатынына сенімдімін" деп, ізгі ниетін сөз етті.

Түркістан қаласына алғаш келгенін айтқан, Мальтепе мэрі Али Кылыч, шаһардың көз тойдырарлық сұлуылығына таңданысын жасырмады.

"Түркістанның киелі топырағының қасиеті баршамызға мәлім. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың ілімі дарыған шаһарда әлі талай бастамаларды бірге атқарамыз деп ойлаймын. Қасиетті Түркістан қаласымен келісім түзілетініне шын жүректен қуаныштымын" деді.

Меморандум аясында, мәдениет және білім, жергілікті басқару және демократия, туризм, экономика, қоршаған ортаны қорғау, спорт және қоғамдық денсаулық сақтау салалары бойынша өзара ынтымақтастықты дамыту көзделуде.

Түркістан: Қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті

 

Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының отырысы болып өтті. Сессияны қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы жүргізіп отырды. Сессияға қала әкімі Нұрбол Әбдісаттарұлы мен қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиын барысында Түркістан қалалық мәслихаты күн тәртібінде 8 мәселе қаралды:

1. Қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының 2022жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.

2. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

3. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзышылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

4. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №11/55-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.

5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссиясының 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.

6. Қала әкімдігінің «мәдениет тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт» бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы.

7. Түкістан қаласында 2022-2023жылдардағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы.

8. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуының есебі.

Жоғарыда қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, өз деңгейіндегі жауаптармен толықтырылды. Көрсетілген барлық мәселе бойынша ұсыныстар бірауыздан мақұлданып, шешім қабылданды.

ТҮРКІСТАН: ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XLVI КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

“Ұлы дала елі” орталығында «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясы өтті. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңатаров, партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, Саяси кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Басқосу Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Конференцияның күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселесі «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау бойынша Ғаппар Амантайұлы баяндама жасады.

- «AMANAT» партиясы өзінің халық алдындағы жауапкершіліктерін нақтылап, қоғамдағы өзгерістер мен сұраныстарды ескере отырып тұғырнама дайындады. Тұғырнама Адамның, Қоғамның және мемлекеттің үйлесімді дамуы, олардың өзара қарым-қатынасы принципіне құрылған. Партия мүшелерімен бірлесе жұмыс жасап, баға жетпес байлық – Тәуелсіздік, Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен егемендігінің мызғымастығын сақтау, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, ұлттық мәдениетті, руханиятты қалыптастыруға ерекше мән беру керектігін жеткізеді. Саяси құжатта қоғамның талқысына түскен мәселелер қамтылған. Сондай-ақ жергілікті азаматтардың ұсыныстарын енгізу басты мақсат болып отыр. Сондықтан сіздердің әрбір ұсыныстарыңыз біз үшін маңызды,- деді Ғаппар Амантайұлы.

- Осы пікірді жалғап, жарыссөзге шыққан «Ғ.Мұратбаев » жалпы орта мектебінің мұғалімі Г.Дошанова Саяси тұғырнама мемлекетті өркендеуіне үлес қосып қана қоймай, азаматтардың мүддесін қорғайды деген сенімде.

Конференцияда қаралған екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Түркістан қаласынан қатысатын делагаттар тізімі ұсынылып, олар бірауыздан қолдауға ие болды. Сонымен қатар, жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы Саяси кеңесінің құрамын сайлау туралы да мәселе қаралды. Конференция делегаттары жаңа құрамды сайлау жобасымен танысып, бірауыздан бекітілді.

Қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ғ.Сәрсенбаев жаңадан сайланған Саяси кеңесінің мүшелерін құттықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында филиал төрағасы Нұрбол Әбдісаттарұлы: «Бүгінгі өзгерістер «AMANAT»-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашады. Партия елімізді көркейтуге өз үлесін қоса беретіні сөзсіз, -деп жиынды қорытындылап Президенттің айқындаған міндеттерді мүлтіксіз орындауға шақырды.

Отырар: гендерлік саясат – қоғамдық теңдіктің бір көрінісі

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы ашып, жүргізіп отырды. Жиынға комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, тиісті мекеме басшылары қатысты.

Отырар: Шәуілдірде жүйелі жұмыстар жалғасын табады

Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов кезекті халықпен кездесу жиыны Шәуілдір ауылында өтті. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде өткен кездесуде аудан әкімі 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауындағы міндеттерге тоқталды.

Отырарда «AMANAT LIDER» дебат турнирі өтті

Отырар ауданында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен «AMANAT LIDER» дебат турнирі ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет сарайында өткен пікірсайысқа 13 азамат қатысып бақтарын сынады.

Отырар: аудан басшысы Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті халықпен кездесу жиыны Ақтөбе және Шілік ауыл округтерінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы тұрғындардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін тыңдады.

ТҮРКІСТАН: ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА АЗАМАТТАРДЫҢ САПАЛЫ ӨМІР СҮРУІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН

«AMANAT» партиясының төрағасы Е.Ж.Қошанов партияның кезектен тыс ХХІV Съезін 2022 жылдың 6 қазан күні өткізу туралы шешімін жариялаған еді.

Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы жанынан құрылған "Мейірімді шуақ" бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан қаласы «Мейірімді шуақ» БПҰ төрағасы Тілепова Айгүл және партия мүшелері қатысты.

Жиын барысында "Мейірімді шуақ"БПҰ- төрағасы Айгүл Өтегенқызы баяндама жасап, партия мүшелерімен «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасы қызу талқыланды.

Кездесудің күн тәртібінде ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “

ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ” атты жолдауын насихатталып,баяндама жасалынды.

Айгүл Өтегенқызы “AMANAT” партиясы жаңа өзгеріске қадам басқан еліміздің жетекші партиясы екенін айта келе, партияның алдағы уақытта атқарар жұмыстары көп екенін айтты.

-Қазіргідей жаһандану дәуірінде мемлекеттегі негізгі ұлттың өз болмысы мен дәстүрін сақтауы оңайға соқпайды. Әсіресе, 130-дан аса ұлт пен ұлыс мекен еткен біздің елімізде ұлттық құндылықтарды ұлықтау ең негізгі міндет. Партияның жаңа саяси тұғырнамасында мемлекет құраушы негізгі ұлтқа басымдық бере отырып, отандастарымыздың сапалы білім мен қолжетімді медицина қызметімен қамтылуы атап өтілген. Оған қоса мемлекеттік тіл – қазақ тілі ғылым мен білімнің, өркениеттің тіліне айналуы тиіс делінген. Бұл құптарлық идея,-деді Айгул Өтегенқызы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29-шы қыркүйек күні өтетін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының кезектен тыс XLVI (46) конференциясына партия мүшелерінің дауысқа салуы арқылы делегаттар бірауыздан сайланды.