ШЫМКЕНТ: ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

 «Бір ғана құрысылыс саласында 2500-нан астам құжат толтырылады екен. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті. ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында насихатталды.

— Мемлекет басшысы жыл басынан бері екі мәрте, яғни наурыз және қыркүйек айында халыққа Жолдау жолдады. Алғашқы құжатта Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Референдум өткізіп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды. Тіптен, өзгерісті өзінен бастады десек артық емес. Яғни, Президенттің туыстары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды. Ал, қыркүйектегі құжатта білім, медицина мен әлеуметтік салаға басымдық берілді. Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек» дей келе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды, - деді Сұлтанғали Қуандық.

Сонымен қатар, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширатып, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Кездесу қонақтары өзара пікір алмасты.Естеріңізге сала кетсек, 1 қыркүйек 2022 жылы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа өз Жолдауын жолдаған болатын.

Түркістандық жастарға «Жастарды-Отанға!» бағдарламасы түсіндірілді

"Amanat"партиясы Түркістан қалалық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Жастарды отанға жол картасын жүзеге асыру"тақырыбындағы Жолдаудың негізгі басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

«Жастарды– Отанға!» бағдарламасы сапалы, әрі уақтылы жүзеге асуы тиіс. Президент жолдауында жастарды қолдауға басымдық берілгенін атап айтылған.

Бағдарлама жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Атқарылатын әр іс-шараға жауапты мемлекеттік органдар мен жастар өкілдері белгіленіп, есеп беретін басқармалар нақтыланды.

Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұмыссыздық деңгейін төментету, жастарды жұмысқа тарту жоспарлары енгізілген..

Жастардың саяси өмірге қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жастар мен студенттік ұйымдарды дамыту, жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жастардың кәсіпкерлікке тарту, жас отбасылардың, жұмыс істейтін жастар мен студенттердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты жағдай жасау, жас буынды мәдениет пен спортқа, игі істерге бағыттау жөнінде де тапсырма беріп, ол міндеттер хаттамаға енгізілді.

 

 

 

 

Түркістан: «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» жайы айтылған жиын

Түркістан қалалық "Amanat"партиясы филиалының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Елдің –транзиттік –көліктік әлеуетін дамыту» атты Жолдауын насихаттау мақсатында "Жолаушы "ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында ақпараттық түсіндіру тобы «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» тақырыбын толық түсіндіріп өтті.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында Қазақстандағы көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер, бірқатар салалық бағдарламалар іске асырылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Көлік қызметтерін көрсетудің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды,автокөліктерді сатып алу жөнінде бірыңғай ағым жүйесін енгізу,кеден жұмысына "бір терезе" қағидатын енгізу,экономикадағы инвестиция жүйесін тәртіпке келтірумен қатар жаңа инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, тиісті реформалар жүргізу және басқа да бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстары мен тапсырмаларын орындау бағыттарын айқындап айтты. «Қазақстанның даму үдерісі енді басталды,сондықтан тек алға жылжуымыз керек,реформаларды жүзеге асыратын болсак, біз әділетті Қазақстанға қол жеткіземіз»

Жиын соңында «Жолаушы» БПҰ мүшелері жолдаудағы аса басым бағыттарға назар аударып, бірауыздан қолдап, насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

 

ТҮРКІСТАН: ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауында әр салаға қатысты тың бастамалар қамтылған. Онда жүктелген міндеттерді іске асыру, қоғам арасында кеңірек насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.

Осыған орай «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменова, «Шауғар» БПҰ төрағасы Бақытжан Құлжабаев Түркістан қалалық ауруханасының ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Ел Президентінің медицина мамандарын даярлауға көп көңіл бөлуге тапсырма бергендігін айтқан Ғаппар Амантайұлы:

- Ұлт саулығы басты назарда. Мемлекет басшысы медициналық инфроқұрылымды жаңартуды мейлінше жеделдетуді тапсырып отыр. Бұл дегеніміз еліміздегі ауруханалар мен емханалар соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады деген сөз. Тиісінше, басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар үшін де емделуге көптеген мүмкіндіктер тумақ. Оған қоса, ақ халатты абзал жандардың санын арттыру мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлы резидентураға бөлінетін гранттың санын 70 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл осы салаға бет бұрған жастар үшін үлкен мүмкіндік болмақ,-деді.

Кездесуде медицина саласындағы өзге де бастамалар туралы әңгіме өрбіді. Мәселен, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар, еліміздегі емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенге алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік ғимараттар салынатын болады. Жиын соңында денсаулық сақтау саласының өкілдері Президент бастамасын құптайтындықтарын жеткізді.

 

 

Отырар: Шәуілдірде ауыл әкімінің сайлауы өтуде

Бүгін, Отырар ауданы Шәуілдір ауыл округі әкімінің сайлау науқаны өтуде. Таңнан бастау алған сайлауға ауыл тұрғындары белсенділікпен қатысып, өз таңдауларын жасап, ауылдың болашағына бей-жай қарамайтындықтарын танытуда.

Отырар ауданы әкімінің есепті кездесуі Көксарай, Аққұм ауылдарында жалғасын тапты

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өңір әкімдерінің тұрғындармен тоқсан сайын кездесуі тапсырылған. Осы мақсатта бүгін аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов Көксарай, Аққұм ауылының тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Аудан басшысы 3- тоқсанды қорытындылап, ауылдың экономикалық даму көрсеткішін баяндап, елді мекендерді аралау кезінде көтерілген мәселелердің шешілуі бойынша есеп берді.

Отырар ауданының әкімі Балтакөл, Маяқұм ауыл округтерінің халқымен кездесті

Тәуелсіз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл көлемінде барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізілетін болады. Халықты толғандыратын өзекті мәселелер қозғалып, оларды шешу жолдары қарастырылатын осындай келелі жиын Балтакөл және Маяқұм ауыл округтерінде өткізілді.