Шымкент: Әкімдер халықпен жүздесуді бастады

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сай жаңадан тағайындалған әкімдер халықпен жүздесуді бастап кетті. Ә дегенде қала әкімінің орынбасары Нұрсадық Ергешбек пен Қаратау ауданының әкімі Исамидин Қантөреев аудан аумағындағы «Тұран» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. 

Шымкенттік жастар қаланы көгалдандыруда белсенді

Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мамандары жас еріктілерден құралған «Жасыл ел» жасақтарымен бірге «Жастар және Жасыл ел» атты қаланы көгалдандыру акциясына қатысты

Шымкентте жаңа басқармалар құрылды

Шымкентте жаңадан басқармалар құрылды. Оларды әзірге қазіргі басшыларының міндетін атқарушылар жетекшілік ете тұрады. Бұл туралы қала әкімдігі активінің жиналысында жарияланды. Тағы бір жаңалық - аудан әкімдері ендігі жерде тұрғындармен жаңа жұмыс кестесі бойынша кездесетін болады.

Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен Шымкент қаласыәкімінің орынбасары қызметіне Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы тағайындалды. 

Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

ҚР "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешіміменШымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды. 

Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлы – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының жекелеген мәселелері туралы» Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың шешімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлы тағайындалды. 

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының әкімі тағайындалды

Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Әл-Фараби ауданына жаңаданәкім тағайындалды. Сессия отырысында халық қалаулылары Әл-Фараби ауданының әкімі лауазымына Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлының тағайындалуына бірауыздан келісім берді.