Түркістан облысы: Келес ауданы әкімдігі аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мен жарықтандыруға көңіл бөлуде
Өткен сенбіде Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлімше басшылары және тиісті мамандар, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария бөлімінің басшысы, ауылдық ветеринария пунктердің меңгерушілері, АІІБ ЖПБ басшысы, аудандық (РЭС) электр жүйелері мекемесінің басшысы, аудандық аурухана басшысы және аудандық емханалардан аға дәрігерлері қатысты.