Түркістан: облыс тұрғындарының мәселелері тыңдалды

Түркістан облысы әкімінің орынбасарлары «Ашық әкімдік» кеңсесінде кестеге сәйкес жеке қабылдаулар өткізіп келеді. Бұл жолы облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы өзі жетекшілік ететін салалар бойынша жергілікті тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға 20-дан астам азамат келді.

Түркістан: облыс әкімі Түркия Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенермен кездесті

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркия Республикасы Жоғары сайлау кеңесінің төрағасы Ахмет Йенер бастаған халықаралық делегациямен кездесті. Түрік делегациясының құрамына Түркия Республикасының Жоғары сайлау кеңесінің мүшелері Фейзи Эроглу мен Бакир Талип қатысты. Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман қатысты.

Түркістанда Жеңіс күні атап өтілді

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Саябақтағы мемориалдық кешені тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды.

Түркістанда отан қорғаушылар күні аталып өтті

Биылғы Отан қорғаушылар күні мерекесі – Ұлы Отан соғысының батыры, алғашқы Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы тұлғалардың құрметіне отаншылдықты, ерлікті дәріптейтін іс-шаралар өтуде.

Сауран ауданы: Ораңғайда жоғары сынып оқушыларымен дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбында кездесу болып өтті

Сауран ауданы Ораңғай ауылдық округіне қарасты "М.Қазыбеков" атындағы жалпы білім беретін мектепте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбы аясында жоғарғы сынып оқушылары арасында кездесу болып өтті.

Сауран – ынтымақ пен татулықтың мекені

Бейбітшіліктің негізі, түп-тамыры - xалықтың бірлігінде, біртұтастығында. Елімізде татулығы жарасқан 130-дан астам ұлт өкілдері болса, Сауран ауданында 10-нан астам түрлі этнос өкілдері ынтымақта өмір сүруде. Сауран ауданында мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайту мақсатында түрлі бағытта жұмыстар атқарылуда.

Сауран ауданы: биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінің қатысуымен 30 іс-шара өткізілген

Қазіргі таңда Сауран ауданында 10-нан астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Этнос өкілдері бір шаңырақ астында тірлік қылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда. Тарихи топырақта бой көтерген Сауран ауданының құрылғанына да 3 жылдан аса уақыт өтті. 2021 жылдан бастап, өзбек этно-мәдени бірлестігімен қатар, Ассамблея жанындағы «Ақсақалдар кеңесі», «Аналар кеңесі», облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандық филиалы құрылып, этносаралық татулықты нығайтуда белсенді жұмыс атқарып келеді.