Түркістан облысы: Мәжіліс депутаты Шардараға келіп, тұрғындармен жүздесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Нұржан Әлтаев пен Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалы директорының орынбасары Нәлібай Дәрібаев Шардараға арнайы іссапармен келді. Парламент мәжілісінің депутатымен өткен жиында Шардаралықтар кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларын дамытып, қызмет сапасын жақсарту жайындағы ұсыныстарын айтты.

Арыста «Біріңғай қызмет көрсету орталығы» ашылды

Арыстықтарға көмек көрсетуге кәсіподақ өкілдері де белсене атсалысуда. Шымкент қаласы «Кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен «Бірыңғай қызмет көрсету орталығы» іске қосылды. Онда жапа шеккен тұрғындарға психологиялық, заңгерлік көмектер көрсетілетін болады.

Түркістан облысының басшысы Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарын жіті қадағалап отыр

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы тұрғын үйлерді қалпына келтірумен айналысып жатқан Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі 9 сектор, Шымкент қаласына тиесілі 10 сектор, БҚО-на тиесілі 11 секторжұмысымен танысты. Өңір басшысы төтенше жағдайдан жапа шеккен нысандарды жөндеуге жауапты облыстардың кемшіліктерін айтып, сын-ескертпе жасады. 

Түркістан: Жетісай ауданында ақпараттық білім беру орталығы ашылды

2019 жылдың 13 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық білім беру орталығы өз жұмысын бастады.

Кентауда Рәміздер алаңы салынады

Түркістан облысы, Кентау қаласының орталығындағы Ясауи аллеясының бойынан таяуда Рәміздер алаңы бой көтеруі әбден мүмкін. Бұл жайында қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің арасында өткен кездесуде айтылды.

Мемлекет басшысы «Түркістан ең көрікті қаланың біріне айналады» деді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан еліміздегі ең көрікті қаланың біріне айналатынын айтты. «Шын мәнінде Түркістан облысы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құрылыс қарқынды іске асырылып жатыр. Премьер-Министр өңірге жиі барып тұрады, яғни мәселені мұқият қадағалап отыр. Амандық болса, Түркістан біздің тарихымыздың, мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде қайта қалпына келеді. Керемет сымбатты қала болып шығады деп ойлаймын», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.