Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы семинар-тимбилдинг ұйымдастырды

«Мегаполистегі ақпараттың рөлі». Осындай атаумен Төлеби ауданындағы Қасқасу шатқалында семинар-тимбилдинг өтті. Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйытқы болған шарада журналистерге қазақ блогосферасының үздігі Асхат Еркімбай мен ІТ-блогер Бектұр Тимур әлеуметтік желіні күнделікті өмірде дұрыс қолданудың бағыттарын көрсетіп, білгендерімен бөлісті. 

Шымкент: Е.Айтаханов тұрғын үйлер мен мектептер салуға жеке инвесторлар тартуды жүктеді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жайында мәселелер көтерілді. 

Шымкент: Жолдау бойынша ақпараттық-насихаттық топ дәрігерлермен кездесті

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша қалалық ақпараттық-насихаттық топ дәрігерлермен кездесті. Қалалық №2 ауруханада өткен жиында Жолдаудың басым бағыттары талқыланды. 

Ерлан Айтаханов жапон халқын Шымкенттің тарихи-мәдени мұрасын тамашалауға шақырды

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Касаи Тацухикомен кездесуінде айтты. Жүздесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Шымкент: қала әкімі АҚШ-тың Бас консулымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен кездесті. Онда тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Шымкент: Жолдау бойынша ақпараттық-насихаттық топ жастармен кездесті

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша қалалық ақпараттық-насихаттық топ индустриялды-техникалық колледж ұстаздары және студенттерімен, ардагерлермен кездесті. Жиында сөз алған қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай Жолдаудың маңыздылығына тоқталды. 

Ерлан Айтаханов: «Біз Шымкент қаласынан студенттерді Чехияға ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуге жібере аламыз»

Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гикл Шымкент қаласына келді. Сапар барысында елші қала әкімі Ерлан Айтахановпен кездесті. Қала әкімі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бары жайында сөз қозғады.