Шымкент қаласы Жастар мәслихатының алғашқы сессиясы өтті

Жастар жылы аясында жастарға жаңа серпін беріп, қаланы, қоғамды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Жастар мәслихаты» құрылған болатын. Бүгін шымкент қаласы Жастар мәслихатының алғашқы отырыс болып өтті.

Шымкентте «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі» тақырыбында семинар өтті

Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істері басқармасы және ҚМДБ қала бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі» атты семинар өтті. Семинарға елімізге белгілі дінтанушы, РһD докторы Қайрат Жолдыбайұлы және имамдар мен бір топ жастар қатысты. Басқосуды ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева жүргізіп отырды.

Шымкент: жыл соңына дейін 6 елдімекенге сапалы ауыз су жүргізіледі

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті тыс елу жетінші сессиясы өтті. Аталаған сессия жұмысына қала басшысы Ерлан Айтаханов, орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты. Бегайдар Төлегенов төрағалық еткен сессияның күн тәртібінде 11 мәселе қаралды.

«ШЫМКЕНТ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА»: Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов үшінші мегаполиске осындай балама атау ұсынды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов өзінің facebook парақшасына «Шымкент – Қайырымды қала!» деген тақырыппен көлемді мақала жариялады, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ ақпарат порталы. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың сол жүрекжарды мақаласын төменде тұтас жариялап отырмыз.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Айқын» газетінің бас редакторын қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов республикалық «Айқын» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараны қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент: Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әр аптаның жұма күні мегаполис басшысы жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен талап тілегіне құлақ түреді. Бұл бүгінде дәстүрге айналған. Әрине, ол үшін күні бұрын қала әкімдігінің ресми сайты арқылы немесе фронт-офис арқылы әкімнің қабылдауына жазылсаңыз болғаны. Бүгін Шымкент шаһарының әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді.