Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-да атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.
Бүгінде аталған электр тарату стансасында қайта құру жұмыстарының 89 пайызы аяқталған. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы «1-М-1» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмыстарын пысықтады. Бүгінгі таңда «1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Құрылыс жұмыстары биыл шілде айына дейін аяқталатын болады.
Аталған электр тарату станциясының құрылысы толық аяқталса, 4 елдімекендегі 70 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Олар – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай және Қайнарбұлақ елдімекендері.
Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы атқаруды және уақытында аяқтауды тапсырды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат