Дүйсенбі, 13 Сәуір 2020 12:32

Шымкент: 135 мыңнан астам адам 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алды

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметіне сенсек, төтенше жағдай режимiне байланысты, 125 588 қала тұрғынына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы электрондық өтініштер (электрондық үкімет пен Еңбек және халықты қорғау министрлігінің сайттары, сондай-ақ Telegram арқылы рәсімдеу) арқылы, ал 10 185 азаматқа белсенді өтініштер (SMS) арқылы тағайындалды. 

13 сәуірдегі жағдайды есепке алсақ, мемлекеттен қаралған әлеуметтік жәрдемақы Шымкент қаласының 135 743 тұрғынына төленді. Әкімдіктiң нақтылағанындай, тағы 6263 өтініш қарастырылып жатыр екен: КЕАҚ желісі бойынша - 1781, МӘСҚ желісі бойынша - 4482.

Айта кетерлік жайт, соңғы үш күн ішінде 42 500 теңгеден төлем алған шымкенттіктердің саны бірден үш еседен артық өсті. Мәселен, 10 сәуірдегі жағдай бойынша мұндай соманы 40 586 азамат алған болатын.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 439 рет