Бақылауға қала әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаев, сала мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Атаулы шараның басты мақсаты – негізсіз баға көтерудің алдын алу болып табылды. Тексеріс барысында жаңадан сұрыпталған картоп пен пиязда өсім болғаны байқалады.
Бүгінде пияздың ең қымбаты 120 теңге болса, картоп 150 теңгені құрап отыр. Ал, орамжапырақ 80-90 теңге болса, қазірде 60 теңгеге түскен. “Яссы” базарында қызанақ 700-ден 550-ге, ал қияр 400-ден 350 теңгеге төмендеген. Саудагерлер өзге шаһардан келген емес жергілікті өнімдер пісіп, қоймаларға жөнелтілген жағдайда бағаның төмендейтініне кепіл беріп отыр.
Ұн, нан, макарон, күріш, сиыр еті, жұмыртқа, күнбағыс майы, ас тұзы және қарақұмық жармасының облыс бойынша шекті бағасы белгіленген болатын. Саудагерлерге бұл бойынша нұсқаулық беріліп, мониторинг жасалған. Егер, алда баға тұрақсыздығы анықталса, әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.
