Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 20:36

Шымкентте қардың зардаптары реттеліп жатыр

2020 жылғы сәуірдің 8-інен 9-на қараған уақытта жауған қардың салдарынан Шымкент қаласы аумағында көптеген ағаш құлап, электр желілері үзілді. Сегіз мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды. 

Төтенше жағдайдың зардабын жоюға қаладағы коммуналды қызметтер мен төтенше жағдайлар департаментінің 111 техникасы мен жеке құрамнан 600 адам, сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 24 апатты қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды. Бүгін сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды. Қалған 12 нүктедегі 2200 абонентке электр қуатын беру жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек дәл осы сәтте Шымкент қаласында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған саны 27-ге жетіп отыр.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 556 рет