Бейсенбі, 07 Мамыр 2026 16:40

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні аталып өтті

Қазығұрт ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты салтанатты шара өтті. Тағылымы терең кеште ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталып, батыр бабалар рухына тағзым жасалды.

Тағылымды жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан прокуроры Руслан Абдраимов құқық қорғау органдарының өкілдері, мекеме басшылары, соғыс және тыл ардагерлері, ардақты ақсақалдар, әскери қызметкерлер, сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының мамандары мен жастар қатысты. Шара «Даңқты батыр бабалар» аллеясындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қатысушылар майдан даласында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет сарайында жалғасын тауып, аудан әкімі Азизхан Исмаилов жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтады.

Салтанатты жиын барысында 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың 40 жылдығына орай, апат салдарын жоюға қатысқан бірқатар азаматтар «Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою» және «Чернобыль ардагерінің ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар әскери қызметте жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығынан жоғары нәтиже көрсетіп, тәртібімен ерекшеленген сарбаздардың аналарына «Үздік жауынгердің анасы» медалі табысталды. Бұл – ұл тәрбиесіндегі ананың рөліне көрсетілген ерекше құрмет болды. Шара барысында аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары әсерлі концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер орындалды. Көрермендерге рух сыйлаған тағылымды қойылымдар елдік пен ерліктің мәнін терең ұғындырды.

Осы күні сондай-ақ, Арыс қаласында да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Арыс қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы Күштерінің 34 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шара барысында Қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов, Арыс ауданының прокуроры Алмас Арыстанбеков, Арыс гарнизоны бастығының бірінші орынбасары – штаб бастығы, полковник Қасымхан Жұмағұлов ардақты ардагерлермен бірге майдан даласында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт заманда дүниеден озған ардагерлердің рухына тағзым ретінде гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, жиналғандар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Одан кейін, қорғаныс саласының қызметкерлері Мемлекеттік Туды сахнаға салтанатты жағдайда әкеліп, мерекелік іс-шара Әнұранмен ашылды. Қала әкімі Қайсар Зәкірұлы мен мәслихат төрағасы Қайрат Төрегелдіұлы құттықтау сөз сөйлеп, қызметтік борышын үлгілі атқарған, жоғары кәсіби біліктілігі, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне, сондай-ақ қаламызды көгалдандыруға қосқан қомақты үлесі әскери сала қызметкерлері салтанатты түрде марапатқа ие болды. Әрі қарай, Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 34 жыл толуына орай, қалалық хор ұжымдары арасындағы патриоттық ән байқауымен қорытындыланды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 31 рет