Сенбі, 29 Қараша 2025 19:59

Түркістан облысы: Сауран ауданында мемлекеттік қызметте жауапкершілік мәдениетін күшейту бойынша жиын өтті

Сауран ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік, масаң күйде болуының алдын алу, сондай-ақ көлік құралын масаң күйде басқаруға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізілді. Жиынның негізгі мақсаты - құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету және жауапкершіліктің жоғары стандарттарын бекіту.

Іс-шараға Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін уақытша атқарушы Асқар Дайрабаев қатысып, жиынды ашып берді. Өз сөзінде ол мемлекеттік қызметшілерге қойылатын әдептік талаптардың маңызын атап өтіп, қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениетін сақтаудың мемлекеттік қызметтің беделіне тікелей әсер ететінін жеткізді. Әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігі мен қоғамдық мінез-құлқы мемлекеттік қызметтің абыройын айқындайтынын ерекше баса айтты.

Шара барысында Персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Нұрбек Әшіров баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде көрсетілген талаптарды бұлжытпай орындауының маңыздылығын түсіндірді. Ол мемлекеттік қызметшінің қоғамдағы беделі оның әрбір әрекетімен бағаланатынын, қызметтен тыс уақыттағы тәртіп те қызметтік жауапкершілікпен тікелей байланысты екенін атап өтті. Жиын соңында Нұрбек Әшіров пен Асқар Дайрабаев барлық қызметкерлерді өз мінез-құлқына мұқият болуға, қоғамдық мәдениет пен әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырды. Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі мемлекеттік аппараттың тиімділігі мен қоғам сенімінің басты кепілі екені айтылып, шара қорытындыланды.

Сондай-ақ, Сауран ауданы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін уақытша атқарушы Асқар Дайрабаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізілді. Жиын барысында Агенттіктің мемлекеттік қызметшілердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша жүргізген мониторингінің нәтижелері талқыланды. Ашылу сөзінде Әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Дайрабаев мемлекеттік қызметшілердің кез келген теріс әрекеті бүкіл мемлекеттік аппараттың беделіне әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, Агенттіктің тұрақты мониторингі мемлекеттік қызметтегі "осал тұстарды" анықтап, сол бағыттарда профилактикалық жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Мониторинг нәтижелері бойынша, бірқатар ұжымдарда қоғамда резонанс тудырған немесе қайталану тенденциясы байқалатын құқық бұзушылықтар анықталған. Бұл жағдайлар мемлекеттік қызметке деген сенімді әлсірететіндіктен, ұжымдармен психологиялық-этикалық сұхбат жүргізу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту қажеттілігі көтерілді. Жиын соңында қатысушылар пікірталас өткізіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берді. Әдеп жөніндегі уәкіл Асқар Дайрабаев профилактикалық жұмыстың тұрақты түрде жүргізілетінін, сондай-ақ әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі мемлекеттік қызметтің сапасы мен қоғам сенімінің басты кепілі екенін қорытынды сөзінде атап өтті.

Дәл осы күні Сауран ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын күшейту және ұжым ішінде жағымды мәдени атмосфера қалыптастыру мақсатында түсіндіру жиыны өтті. Жиын «Әдеп - ұжымдық табыстың қайнары» тақырыбында ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында адалдық, өзара сыйластық және әділдік қағидаларын дамыту арқылы ұжымдық мәдениетті нығайту.

Жиынды Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетін уақытша атқарушы Асқар Дайрабаев ашып, мемлекеттік қызметтің ерекше жауапкершілігі мен оған қойылатын жоғары әдеп талаптарын атап өтті. Ол мемлекеттік қызмет тек заң нормаларын орындау ғана емес, қоғамға үлгі боларлық мінез-құлық танытуды қажет ететінін айтты. Сондай-ақ Әдеп кодексіндегі нормалар қағаз жүзінде қалмай, мемлекеттік қызметшінің күнделікті қарым-қатынасы мен жұмыс стилінің негізгі бөлігі болуы тиіс екенін жеткізді.

Жиын соңында әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілерге үндеу жасап, әдептілікті сақтаудың маңызын атады. Ол қызметкерлерді этикалық мәселелер бойынша ашық сөйлесуге, қажет жағдайда Әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге шақырды. Ұжымның мәдениетін қалыптастыру барша қызметкерлердің ортақ міндеті екенін жеткізді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 89 рет