Күн тәртібінде аудан үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды: 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалу барысы, Ауыл округтерінің бюджеттерінің орындалуы, Аудандық экономика және қаржы бөлімінің есебі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің есебі, Бадам, Бөген, Қажымұқан және Жеңіс ауыл округтері әкімдерінің есептері, 2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту, Аудандық аумақтық және кейбір учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерін босату туралы мәселе.
Сессия барысында мәслихат депутаттары баяндамашыларға нақты сұрақтар қойып, сындарлы пікірлер мен ұсыныстар айтты. Талқылау нәтижесінде күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Бұл сессия – ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджетті тиімді жоспарлау және жергілікті басқару ісін жетілдіру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат