Түркістан облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2500 шақырымға жуық елді мекен көшелері жаңарған
ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында ауылдық жерлерді дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған орай, «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды жаңғыртуды қажет ететін елді мекендердің тізбесін анықтап, тиісті қаржыларды бөлу арқылы олардың әл-ауқатын жақсарту көзделген.