ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БАЙЫЛДЫР АУЫЛЫ КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздегі ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда Кентау қаласында көгілдір отынға алғашқы болып қосылған Байылдыр ауылында үлкен қуаныш.

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласы, Тельман шағынауданындағы 1200 орынға арналған мектеп құрылысы 2024 жылдың сәуір айында басталған болатын. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Нысан құрылысын биылғы жаңа оқу жылына дейін аяқтау жоспарлануда.

ОТЫРАРДА 50 ОТБАСЫҒА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Отырар ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында 50 отбасы баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды арнайы құттықтап барған аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Жамалханұлы қуаныш иелеріне жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

ORDABASY: Темірланда 75 000 дана маусымдық гүлдер мен 6000 дана көп жылдық раушан гүлдері отырғызылған

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен ауыл округінің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде: Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы елді мекендердегі санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстарының жағдайы талқыланды.

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРҒА СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРДЕН БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлері – табиғи байлығы мол, мүмкіндігі кең, алайда адам күші жетіспейтін аймақтар. Ауыл шаруашылығы мен өндіріс, білім мен медицина саласында еңбек қолының тапшылығы күн тәртібіндегі өткір мәселе.

ОТЫРАРЛЫҚТАР «ЖАСЫЛ АУЛА» АЯЦИЯСЫНА ҮН ҚОСТЫ

Отырар ауданының көрікті көктемі жыл сайын көшет егумен басталады. Табиғат-ана оянған мезгілде айналаны тазалау, ағаштарды бұтап, түбін әктеу және жас шыбықтар отырғызу ауданда үрдіске айналған.

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 9 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

Қала әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру басталған болатын. Былтырдан бері 57 отбасыға тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілді.  Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тұрғындарды тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшіру.

ШЫМКЕНТ: АУҚЫМДЫ ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жол қозғалысын қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қала аумағындағы құрылыс және қайта құру жұмыстары 13 ірі нысанда жүріп жатыр, жалпы ұзындығы 43,7 шақырымды құрайды. Бұл нысандарға келесілер кіреді: