Түркістан облысында "Таза Қазақстан" аясында 500-мыңнан астам көшет егілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда өңірде жүзеге асыру жоспарланған 7263 іс-шараның 2614-і өткізілді. Жалпы 458657 тұрғын белсенділік танытып, өз қалалары мен ауылдарын тазартуға үлес қосты. Бұл жұмыстарға 2980 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 509 мың көшет отырғызылып, 9143 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.

Түркістан облысындағы лагерлер өз жұмысын бастады

Түркістан облысында жазғы сауықтыру маусымы басталды. Лагерьлер бірінші ауысымға оқушыларды қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте “Болашақ”, “Тау шыңы”, “Үркер” жазғы сауықтыру лагерлерінде мыңнан астам бала бірінші ауысымға қабылданып, сауықтырылуда.

Түркістан облысының әкімі өңірде жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарына шолу жасады

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанда құрылысы жүріп жатқан нысандардың жай-күйіне кезекті рет шолу жасап, жауапты басшылардың есептері мен ұсыныстарын тыңдады.

Отырар ауданы: 1 маусым – балаларды қорғау күнінде балақайлар шаттыққа бөленді

Балалар – ұлттың үміті, болашақтың бастауы. Олардың балалық шағы бақыт пен мейірімге толы, қауіпсіз әрі мазмұнды өтуі – баршамыздың ортақ парызы. Осы мақсатта бүгін аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы «BalaTime» - ойын сауық орталығында балаларды шаттыққа бөлеген мерекелік шара өтті.

Түркістан: FSM Social цифрлық платформасы таныстырылды

Түлкібас ауданы әкімдігі мен аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен оқыту жиыны өтті. Шараның негізгі мақсаты - цифрландыру жүйесімен жан-жақты таныстыру.

Түркістан облысында жыл соңына дейін 929,3 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде

Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 678 шақырым болса, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым.

Түркістан: Мақтааралда қоғамдық көліктер жаңаруда

Мақтаарал ауданы тұрғындары үшін қоғамдық көліктер – күнделікті тұрмыстың маңызды бөлігі. Ауданның халық тығыз орналасқан елді мекендерін өзара байланыстыратын бағыттардың бірі – «Мырзакент – Атакент – Мырзакент» маршруты болып саналады. Бұл бағытта 2021 жылдың 1 маусымынан бастап тасымалдаушы мердігер «SAR avto» ЖШС-гі тұрақты түрде қызмет көрсетіп келеді.

Түркістан: 700 мың га жер химиялық өңдеуден өтті

Биыл облыста аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 700 мың гектардан асты. Оның ішінде, 632 мың гектар жер үсті бүріккіштерімен, 64 мың гектар ұшақпен («АН-2»), 2 мың гектар аспалы бүріккіштермен және 1 мың гектар алқап дронмен өңделді.