Созақ ауданындағы ауылдар мен елдімекендерде ішкі жолдар жөнделуде

Аудан аумағындағы ауылдар мен елдімекендердің ішкі жолдарын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін Құмкент ауылы мен Қызылкөл елдімекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.

Созақ ауданы: «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары сарағаштықтармен кездесті

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Келес және Сарыағаш аудандарына іссапармен барды. Медицина, білім және әлеуметтік нысандарды аралап, бүгінгі жай-күйін бақылады. Жергілікті тұрғындармен және жауапты сала өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Түркістан: Созақ ауданы басшысы ішкі көшелердегі құрылыс жұмыстарымен танысты

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылында атқарылып жатқан абаттандыру және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ішкі көшелерді кешенді дамыту бағытындағы жұмыстардың сапасын бақылауға алып, жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

Алдымен С. Қожанов және Жібек жолы көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолдары, көше жарықшамдары, жол жиегіне қойылып жатқан тастар (бордюрлер) мен бетоннан құйылған арықтарды (латок) жаңарту жұмыстарының жай-күйін көріп шықты.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы мәдениет саласының маңызды нысандарының бірі — жаңадан бой көтеріп жатқан аудандық кітапхана ғимаратының құрылыс барысымен танысты.

Сапар барысында Жеткіншек мөлтек ауданында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ демеушілігімен салынып жатқан 2 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысын көрді. Бұл үйлерде барлығы 16 пәтер орналаспақ. Сондай-ақ, әрқайсысында 8 пәтерден тұратын тағы 3 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы осы құрылыс алаңдарында да болып, мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасына қатысты қатаң талаптарды сақтауды тапсырды.

«Жасыл белдеу» аумағында егілген көшеттердің күтімі мен сақталуы да назарға алынды.

Айта кетейік, С. Қожанов көшесінде – Шымкент бағытындағы кіреберіс Ерімбетов көшесінен бастап, «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 7 шақырымдық аумақта үлкен жолдың екі жағынан аяқ жол салынуда. Бұл аймаққа:

• 235 дана жарықшам,

• 4 аялдама,

• 60 қоқыс жәшігі мен орындықтар орнатылатын болады.

Оған қоса, үлкен жол бойына 352 дана көше жарықшамдары орнатылып, көшенің көркем келбетіне ерекше көңіл бөлінуде.

Жібек жолы көшесіне келер болсақ, Түркістан бағытындағы айналма жолдан «Мыңжылқы» мәдениет үйіне дейінгі 6 шақырымдық аумақта екі жақты аяқ жол салынуда. Сонымен бірге:

• 2,5 шақырым латоктар жаңартылады;

• Ш. Оқшиев көшесінен бастап айналма жолға дейін 1,5 шақырымдық велосипед жолы салынады;

• Көше бойына жарықшамдар, қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылады.

Бұл жұмыстар Шолаққорған ауылының инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.