Отырар ауданында жалпыхалықтық сенбілік өтті

Тазалық шарасына 13 ауыл округінің тұрғындары белсене қатысып, «Тазалық денсаулық кепілі» деген ұстаныммен көшет отырғызу, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысты. Бұл игі іс-шараға мекеме, ұйым қызметкерлері де қатысқанын айта кетейік. Сенбілікте төңіректер тазаланып, тал-дарақтар әктелді, арық-атыздар шабылды, мекеме-ұйым ғимараттары алдына көшеттер отырғызылды. 

Түркістан облысында 300 шақырым облыстық маңызы бар жол жөндеуден өтеді

Дүйсенбі күні Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысы өтті. Премьер - Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жиында инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған жобасы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру жөніндегі шаралар туралы мәселелер талқыланды.

Мақтааралдың 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы аталып өтті. Салтанаты шараның шымылдығы «Мақтааралым - мерейлі мекенім» атты музыкалық театрландырылған қойылымымен түрілді. Ғасырға бергісіз уақытта тарихи кезеңдерді өткерген ауданның айтулы күніне жергілікті тұрғындармен қоса Өзбекстан Республикасы Сырдария облысынан атарылтып келген делегаттар қатысты. «Ақ алтын» мәдениет үйінде өткен мерейлі мерекеге ортақтасқан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев еңбекқор мақтааралдықтарға деген ізгі тілегін жеткізді.

Жетісай ауданында бес ауылға газ берілді

Жетісай ауданында бір күнде бес ауылға табиғи газ берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Атап айтқанда, көгілдір отынға қол жеткізген ауданның Ш.Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық, Байдала, Зерделі ауылдары мен Атамекен ауылдық округіне қарасты Тыңдала және Қоғалы елдімекендері. Аймақ басшысы Достық ауылындағы газ торабын іске қосу рәсіміне қатысып, ендігі кезекте 5 мыңға жуық халқы бар бес ауыл тұрғындарының көмір тасып, күл шығармайтынын жеткізді.

«Түркістан» ӘКК» Сарыағаш ауданындағы цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға көмектеспек

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді.

Түркістан облысында 11 медициналық пункт пайдалануға берілді

Түркістан облысының Келес ауданында биыл 11 медициналық пункт ашылып, ел игілігіне берілді. Медициналық тіректердің төртеуі Қошқар ата ауылдық округіндегі елді мекендерде бой көтерсе, Біртілек пен Ақтөбе ауылдық округтерінде де төрт нысан салынған.

Түркістан облысы: Арыста «Алтын күз» жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Жыл сайын дәстүрге айналған «Алтын күз» жәрмеңкесі орталық Әл-Фараби алаңында ұйымдастырылды. Қала әкімінің орынбасары Е.Ақтаев, зиялы қауым өкілдері шаруалардың өндірген өнімдерімен танысып, жәрмеңкені аралап, тұтынушылармен жүздесті. 

Түркістан таза ауызсудан тапшылық көрмейді

Түркістан облысының орталығында алдағы 30 жылдың көлемінде таза ауызсудан тапшылық болмайды. Себебі, қазір қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су көздеріндегі қор жеткілікті.