Түркістан облысы: Төлеби ауданының әкімі құрылыс жұмыстарымен танысты

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков шілде айының бірінші аптасында аудан орталығы мен елді мекендердегі құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Ең әуелі Шахта Тоғыс елді мекеніндегі аудандық маңызы бар КХТЛ-34 «Ленгір - Шахта Тоғыс» автомобиль жолындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көпірдің басына арнайы барды. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен Арыс қаласының орталық алаңында жергілікті тұрғындарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 50-ге жуық тауар өндіруші, 180 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері қойылды. Өнімдер қала тұрғындарына базар нарқынан 30 пайызға төмен бағада ұсынылды. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 180 үй толық жөндеуден өтті

Арыс қаласын жарылғыш заттардан түгелдей тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Шаһар тұрғандары үшін айта кетер жайт, қауіпті деп танылған заттарды байқаған жағдайда 102, 112 нөмірлеріне хабарласу керектігін ескертеміз! Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Бятов мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі таңда тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында алаңдауға негіз жоқ екені түсіндірілді

ҚР Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің оқ-дәрілердің фрагменттерін жинау бойынша жұмыстары барысында әскери арсеналға  (тыйым салынған аймақ) іргелес аумақта оқ-дәрі жарылып, нәтижесінде өрт шықты. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Жапа шеккендер жоқБұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтып өтті

Түркістан облысы: Арыс халқы ақсақалдарға алғыс айтты

Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы мен этномәдени орталық өкілдері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Арыс қаласына арнайы барған алқа мүшелері «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 1 млн. 700 мың теңгеден астам қаржы аударды. Облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібековтың қабылдауында болып, жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. 

Түркістан шаһарында биыл 2613 пәтер беріледі

Арада небәрі бір жыл өтсе де, өңір қарқынды дамудың жолына түсіп, облыс орталығы болған Түркістан қаласы жаңа кейіпке еніп келеді. Мәселен, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін осы бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан аса маңызды 5 қаулы қабылданды. Оның ең маңыздысы — «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары».