Түркістан: Өмірзақ Шөкеев арыстықтарды 28 маусым күні таңертең үйлеріне кіргізу басталатынын айтты

Арыс қаласының тұрғындарын ертең, яғни, 28 маусымда, таңғы 8.00-де қалаға кіргізу басталады. Бұл туралы бүгін Түркістан облысында құрылған штабтағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Өңір басшысы Арыс қаласы мен әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары аяқталғанын, қауіп бұлты толық сейілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы: еріктілер Арыстағы иесіз қалған үй жануарларына жанашырлық танытты

 26 маусым күні жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер,  Түркістан облысы Арыс қаласына арнайы барды.  Нан-суын көтерген олар Шымкенттен келген. Негізгі мақсаттары – үй ауласында қамалып қалған төрт аяқтыларды аман алып қалу. Еріктілер өздерімен бірге алып келген ыдыстарға суларды толтыра құйып,  көше қиылыстары мен әр бір үйдің қақпасына қойып кетіп жатты. 

Түркістан: арыстықтарға арналған гуманитарлық жүктерді қабылдау тәулік бойы жүргізіліп жатыр

Арыс халқының басына түскен қиын жағдайға алаңдаушылық білдірген ел азаматтары барынша көмек қолын созуда. Оған еліміздің өзге өңірлерінен келіп жатқан гуманитарлық көмек заттары дәлел. Қазіргі таңда Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматыдағы отандастарымыздың жіберген түрлі материалдық заттары Шымкент қаласы, Ынтымақ шағынауданындағы сауда-логистикалық орталығы мен «Нұрсәт» шағынауданындағы «Көрме» орталығына жеткізілген.

Түркістан облысы: Арыста өрт толық сөндірілді

Бүгін Түркістан облысында құрылған жедел штабта Арыстағы төтенше жағдайдан кейінгі атқарылған жұмыстар және қаланың қазіргі жай-күйі жөнінде баспасөз мәслихаты өткізілді. Өңірлік және республикалық БАҚ өкілдері қатысқан жиында  ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыс қаласында өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы: Ө.Шөкеев арыстық тұрғындар апта соңында үйлеріне оралатынын айтты

Бүгін Түркістан облысы, Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы орта мектепте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты өткізілді. Жиынға облыс әкімімен қатар ««Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев, ТЖД өкілі, Қазақстан Республикасының Бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин, облыс прокуроры, аймақтық ветеринарлық инспеция өкілі қатысты. Өңір басшысы елді мазалаған өткір әрі өзекті сұрақтарға жауап беріп, Арыстағы жағдай тұрақталып, қауіптің беті сейілгенін мәлімдеді.

Түркістан облысы. Эвакуациялық орталықтарда 24 мыңнан астам адам тіркелді

Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді.Арыс қаласының маңындағы Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы мектепте орналасқан облыстық штабта өткен брифингке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты.

Түркістан облысы: эвакуациялық орталықтардағы тұрғындарға жағдай жасалуда

Қазіргі таңда Арыс қаласынан қауіпсіз аймаққа көшірілген халыққа облыстық әкімдік тарапынан барлық қолайлы жағдай жасалуда. Арнайы жұмысшы топ құрылған. Еріктілер де өз көмектерін аямауда. Яғни, үй жайын тастап кеткен тұрғындар ешнәрседен тарығып жатқан жоқ.