Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңгені алу үшін банк карточкалары таратыла бастады
100 мың теңге тіркеуде тұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамыздан бастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы 17 секторда банк карточкалары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қаласынан «Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіп жұмыс жүргізуде. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.