Түркістанда Арбат демалыс орны пайдалануға берілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен қала орталығында Арбат демалыс орны ашылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы, Түркістан қалалық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Қалалық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіханов Әбдіқадыр қатысты.

Түркістан облысы: Отырарлық баспаналарға мердігер компания жөндеу жұмыстарын бастапты

Отырар ауданында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай берілген көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғасы үш жылдың ішінде сөгіліп жатыр. Отырар ауданында «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген пәтердің қабырғалары өздігінен қирап жатқандығын пәтер иелері айтып өз наразылықтарын білдіруде. 

Арыс қаласы аз уақыт ішінде қалпына келіп, жаңара түсті

Бүтін бір қаланы қалпыра келтіру мақсатында жұмыла жүргізілген жүйелі де нәтижелі жұмыстардың арқасында Арыс қаласы небәрі 3 ай уақыт ішінде қалпына келіп, келбеті жаңара түсті. Бұл бұрын - соңды болмаған жағдай. Бүгінде жер-жерден келіп, Арысты қайта қалпына келтіруге атсалысқан секторлардың құрылысшылары алғыс арқалап, елдеріне қайтып жатыр.

Түркістан: облыс орталығын абаттандыру үшін 2 млрд теңге қаралған

Түркістанды жасыл қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстар қарқын алды. Қазір, қаланы көгалдандыру ісі тек шаһар орталығында ғана емес шеткі аумақтарда да жүйелі жүргізіліп жатыр. Ол жұмысқа тек облыс орталығындағы жауапты мекемелер ғана емес, барлық салалық басқармалар мен аудан қала әкімдіктері жұмылдырылуда.

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Ел ішде туындаған мәселелерге құлақ асып, олардың шешілуін жеделдету мақсатында «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау өткізуді дәстүрге айналдырған. Қоғамдық қабылдауды әр саланың жетекшілері өткізіп тұрады. Бұл жолы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.

Түркістан облысы: «Менің кәсібім» жобасы арқылы бизнес ашып жатқандар бар

Бизнес ашам десеңіз мемлекет қолау көрсетеді. Тіпті қаржылай демейді. Тек жобаңыз жүйелі болса болғаны. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Менің кәсібім» жобасы әсіресе әлеуеті әлжуаз топтарды қолдауға арналған. Кәсіп ашып, өз арбасын дөңгелеткісі келген жандарға тіпті қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып береді. Бұл жобаға кез-келген азамат қатыса алады. Арысы, студенттер де қамтылады.