Германияның бас консулы Түркістанға келді

 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Германия Федеративті Республикасының бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті. Тараптар екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Түркістан облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы талқыланған жиын өтті

  

 Түркістан облысында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Экология министрі Шардара су қоймасындағы өнеркəсіптік балық аулау процессімен танысты

 

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Шардара су қоймасындағы өнеркəсіптік балық аулау процесімен танысты.

Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамытуға бағытталған туристік сайт ашылды

  

  Түркістан облысы, Төлеби ауданының туристік әлеуетін дамыту мақсатында ашылған tolebitour.kz сайтының таныстырылымы өтті. Сала мамандары tolebitour.kz туристік сайты туризм саласын жан-жақты дамыту мен табиғи құндылықтарды дәріптеп, тамаша табиғат пен киелі мекенді шетелдіктерге таныстыратын болатынын айтады.    

Төлеби ауданындағы жолдардың сапасы тексерілді

 

 

Төлеби аудан әкімдігінің бастамасымен Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексерілді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент филиалының мамандары арнайы шақыртылып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл тұралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министр Мағзұм Мырзағалиев Келес ауданының шаруаларымен кездесті

 

   Түркістан облысына іс-сапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сарыағаш ауданынан шығып, Келес ауданына табан тіреді. Аудандағы шаруалармен жолығып, сурмалы жерлер жайын қозғады.

Түркістанда бюджеттің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған семинар өтті

   

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде ашық бюджеттердің интерактивті картасының жұмысын одан әрі кеңейту мақсатында жергілікті атқарушы аймақтардың өкілдерімен семинар-кеңес өтті.