Созақтық тігінші 300 медициналық бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауыл округіндегі ісмерлік тігін тігіп, нәпақасын тауып отырған, Жәмила Қанапина бір күнде 300 бетперде тігіп, ауыл тұрғындарына тегін таратты.





ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағында COVID-19 коронавирусын пандемия деп тануына байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында да індеттің таралуына тосқауыл қою бойынша барлық шаралар қарастырылып, жұмыстар атқарылуда.