Өмірзақ Шөкеев коронавирусқа қарсы күреске дайындық жұмыстарын пысықтады

 

Түркістан облысында COVID-19 вирусын жұқтырған науқастар анықталған жағдайда инфекцияның таралуын болдырмау үшін қауіпті ошақтар қоршауға алынады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандардың дертке қарсы күрестегі дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған апталық лездеме отырысында атап өтті.

Түркістан: Жедел штаб 35976 азаматты тексерді

Елімізде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Түркістан облысы әкімінің жанынан жедел штаб құрылған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментіндегі жеке құрамның  қызметі ерекше жағдайға көшіріліп, тоқтаусыз жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент: Халықты жұмыспен қамту орталығы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы 26наурыздан бастап қашықтықта жұмыс жүргізу тәсіліне көшті. Ендігі кезекте азаматтарды жеке қабылдау, орталық қызметкерлерімен қолма-қол қандайда бір құжаттарды қабылдау тоқтатылғанын хабарлайды. 

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметін уақытша тоқтатады

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Мемлекетте жарияланған төтенше жағдайға орай, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 21 наурыздан 16 сәуірге дейін қызметін уақытша тоқтатады. 

Шымкентте ұн мен нанның бағасы бақылауда тұр

Шымкентте ұн қымбаттады. Салдарынан ас атасы нанның да бағасы өсті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату міндеті жүктелген «Грамад» дүкендерінде бөлке нан аптаның басынан бері 75 теңгеден сатылып жатыр.