Түркістан: Блок-бекеттердегі бейнебақылау камералары облыстық ситуациялық орталыққа қосылған

 

Бүкіл әлемді үрейге бой алдыртқан пандемия күре жолдарда қауіпсіздік шараларын күшейтуді мәжбүр етті. Түркістан қаласына кіреберісте Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок - посттары мен Теміржол вокзалындағы бақылау өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды.

Жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген азаматтарға төлемдер тағайындау басталды

  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде еңбекақы сақталмайтын мәжбүрлі еңбек демалысына кетуіне байланысты табысынан айрылған жұмыс істейтін азаматтарға жаңа әлеуметтік төлемдердің алғашқы тағайындауын жасады.

Түркістан облысының кәсіпкерлері коронавирусқа қарсы күреске қаржы аударуда

Жуырда Елбасы бастамасымен «Nur Otan» партиясы «Біз біргеміз!» акциясын бастағаны белгілі. Осыған орай еліміздің ірі кәсіпкерлері арнайы қорға қомақты қаражат аударып үлгерді. Бұл игі бастамаға Түркістан облысының кәсіпкерлері мен облыстық мәслихат депутаттары да айрықша үлес қосуда.

Түркістандық ақсақалдар алқасы игі бастама көтерді

    

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде өңірдегі жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастама көтеріп, арнайы әлеуметтік дүкенге демеушілер тарапынан азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды.

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті

 

Түркістанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы тұрақты. Дегенмен соңғы күндері қарақұмық, картоп пен жұмыртқа бағасының өсімі байқалады. Мәселен, қарақұмыққа шектік рұқсат етілген баға 302 теңге болса, Кентау қаласы мен Қазығұрт, Отырар, Мақтаарал, Жетісай аудандарында 350 теңгеден сатылып жатыр.