Шымкент - достықтың мекені

«Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ, қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке келген сапарында осылай деген еді. 

Шымкент: Абаттандыру бойынша ауқымды жобалар жалғасуда

Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының деректері бойынша 2025 жылға арналған бюджет 26 миллиард 49,3 миллион теңгені құрайды, бұл абаттандыру, көгалдандыру және инфрақұрылымды дамыту бойынша ауқымды жобаларды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Шымкентте 35 000 орындық стадион бой көтереді

Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда қала аумағында білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар және мемлекеттік органдарға арналған нысандардың құрылысы мен жобалау-сметалық құжаттамаларының әзірленуі қарқынды жүргізілуде.

Түркістанда:Қазығұртты әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Ғимараттардың ахуалы, құрылысы, мекемелердің жұмыс барысымен танысты.

Қызылдала мектебі 2009 жылы салынған. Реновация тізіміне енген. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екі ауысымда 314 бала оқуда. Мердігер мекеме — «Kemel Stroy Group» ЖШС. Білім ұясындағы жөндеу тамыздың ортасына дейін аяқталуы тиіс.

Атбұлақ мектебі де ағымдағы жөндеуден өтуде. Нысан 660 орындық. Екі ауысымда 618 оқушы білім алуда. Ғимараты 2007 жылы пайдалануға берілген. «NDS SERVICE» ЖШС мердігер компания ретінде танылған. Балалар жаңғыртудан өткен мектепте жаңа оқу жылын бастайды.

Шарбұлақ ауылында 300 орындық жаңа мектептің құрылыс-монтаждауы бақыланды. Биыл наурызда басталған құрылыс 2026 жылы бітіп, білім ошағы ашылуы керек. Қазіргі таңда 30 жұмысшы қызмет етуде. Мердігер мекеме — «Ar Kua Group» ЖШС.

Ақбастау мектебі 1985 жылы ашылған. Содан бері 3 ғимарат салыныпты. 1-ші ғимаратына 2013 жылы жөндеу жүргізілген. 2-ші және 3-ші нысандарына ретке келтіру қажет.

Сарапхана елді мекенінде инвестор қаражаты есебінен 500 орындық мектеп бой көтеруде. Жыл соңына дейін аяқтау көзделген. Ауылда жаңа білім ұясына қажеттілік болған. Бұл мәселе де оңтайланбақ.

Іссапар Рабат орталық ауруханасында жалғасты. Елді мекенде 8300-ден астам халық тұрады. Ауруханада 54 қызметкер жұмыс істейді. Жылына 500-ге жуық науқас қабылдайды. Нысан 2007 жылы қолданысқа тапсырылған. Ғимараттың шатырлары жаңартуды қажет етеді. Қасбетін қаптау керек. Инженерлік жүйелерінің тозығы жеткен. 2023 жылға дейін табиғи газбен жылытылып келіп, жаңа қазандыққа ауыстырылған. Бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқын алды.

Ал, Қаратас ауылдық емханасындағы күрделі жөндеу бітсе, биыл ел игілігіне қолданысқа тапсыру жоспарланып отыр. Конкурстың жеңімпазы — «Радуга СН» ЖШС. Қажет қаражат бөлінген. Құрылыс бекітілген өндірістік кестеге сәйкес толық аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісіне берілген.

Жаңадан салынған Ақбастау медициналық пунктінің құрылысы зерделенді. Мұндағы жұмыстың 60%-ы тәмамдалған. Плита жабыны қойылып, ішкі қабырғалары сыланған. Шатыры жабылды. Инженерлік жүйелерін тарту жүргізілуде. Мердігер — «Урба-Стандарт» ЖШС.

Жалпы құрылыс алаңдарында бәріне қойылатын ортақ талап — сапалы атқару, уақтылы аяқтау, аса жауапкершілікпен қарау, әрбір қамтылған нысан тұрғындар үшін қызмет ететінін әсте ұмытпау. Жұмысшылар санын көбейту керек. Жергілікті азаматтарды тарту ұсынылды. Жауапты тұлғаларға облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының тапсырмасы мен ескертуі жеткізілді. Жоғары деңгейде орындамаған азаматтарға тиісті шаралар көріледі. Мониторингті тұрақты өтеді.

Қазығұрттағы сапар аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-де қорытындыланды. Орталық отбасы институтын қолдай отыра, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында құрылған. Мекемеде 14 жатын және 2 қабылдау орны, 6 жұмыс бөлмесі қарастырылған. Мұнда азаматтарға консультациялық оның ішінде әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмектер көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Түркістандық ассамблея мүшелері жаңа туған сәбилерге домбыра сыйлады

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Ұлттық домбыра күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен жаңа туған нәрестелерге сыйлықтар табысталды.

Шаһардағы №3 облыстық перинеталды орталығында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі және облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері айтулы мерекеде дүниеге келген нәрестелерге ҚХА логотипі бейнеленген домбыраларды тарту етті.

Халқымыздың қастерлі аспабын ұлықтаған шарада Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева сәбилерін құшақтарына жаңа алған аналар мен білікті дәрігерлерге құттықтау тілегін білдіре отырып, ҚХА-ның сәбилерге жолдаған арнайы хатын тапсырды. Аталған құттықтау хатта:

«Айналайын! Сен туған еліңнің ғажап дәуірінде дүниеге келдің! Сенің Отаның Қазақстан – ұл мен қызы еркін, дамуы қарқынды, әлемнің барша елімен терезесі тең мемлекет! Сенің Отаның – ұланғайыр даласы мен заңғар таулары, айдынды өзен-көлдері мен әсем қалалары бар ел. Ең бастысы, бұл елде бірлігі берік, еңбекқор, мейірімді халық тұрады. Енді сен – сол халықтың бір мүшесісің. Сен туған жылы ел тарихында өшпес із қалдырған азаматтардың мерейтойлары аталып өтті. Сенің бойыңнан да осы ұлы тұлғалардың асыл қасиеттері табылсын, айналайын! Сен де, 100 жылдығы тойланған Әлия Молдағұловадай батыр бол. 140 жылдығы аталған Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлындай отаншыл бол. 180 жылдығы аталған ақын Абайдай абыз бол. Білімің мен күш-жігеріңді Отан-анаң – Қазақстанның көркейіп, дамуына жұмса! Сен ерекше күн – Ұлттық домбыра күні дүниеге келдің!

Сен де ұлттық сананы дүр сілкіндірер қасиетті домбыра үнінен рух алып, биіктерге еліңмен бірге өрлейсің. Сенің сан ғасыр қазақпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық аспап ұлықталатын мерекемен сәйкес келуінің терең мәні бар: Ұлттық домбыра күні – Қазақстан халқын ұлттық мәдениет пен ортақ құндылықтар төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Болашақта сенің де осы асыл идеяны іске асырушылар қатарында болатыныңа сенімдіміз. Сол жолда ДОМБЫРАҢ жан серігің болсын, айналайын! Үлкен өмірге жасаған қадамың құтты болсын, Ұлы Дала перзенті!» – деген ізгі ниет, жақсы тілектен туған жүрекжарды сөздер бар.

Игі шараға қатысқан облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова, облыстық ҚХА жанындағы өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы, зейнеткер Мухаббат Ибрагимова, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Алмаш Сұлтанбековна, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Раимжан Алибаев, облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Хасан Мохаммад ыстық ықыластарын білдіріп, «Сәбилердің әрқашан жолдары ашық, болашақтары жарқын болсын! Бейбіт еліміздің беткеұстар азаматтары болып өсе берсін!» деп тілек қосты.

Осы орайда, жаңа босанған аналар тәрбиелік мәні зор осындай іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.

 

 

Түркістан:Сайрам aуданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі.

 

Таза Қазақстан:Сарығашта ауқамды сенбілік өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында сонымен қатар, Астана күні мерекесіне орай, бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге таңғы сағат 8:00-ден бастап 13 ауылдық округ пен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.

– Сіздерді Астана қаласының күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау, сондай-ақ ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене атсалысуға шақырамын! — деген аудан әкімі тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.

Тазалық іс-шарасы барысында көшелердің бойында бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шөптер орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді.

 

 

 

Түркістанда коммуналдық сала өкілдеріне жаңа техникалар тапырылып,еңбек адамдары марапатталады

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұмысшы мамандардық иелері, еңбек адамдарын марапаттап, құрмет көрсетті.