Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жаңа жабдықтар табысталды

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөліміне қажетті құрал-жабдықтарды табыстады.

Шымкент: Тұран ауданы түрленіп келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында Тұран ауданының әкімі Берік Әшірбеков 2025 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Жаңа аудан болғанымен, мұнда халық саны қазірдің өзінде 232 мыңнан асып отыр. Құрамында 21 шағынаудан, 548 көпқабатты тұрғын үй және 39 мыңнан астам жеке үй бар. Әкімнің айтуынша, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін инфрақұрылымнан бастап абаттандыруға дейінгі бағыттардың бәріне көңіл бөлініп келеді.

Президент Жолдауы аясында көлік саласы талқыланды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көлік және логистика саласын дамытуға айрықша мән берілді. Әсіресе елдің транзиттік әлеуетін күшейту ісінде мегаполистердің, соның ішінде Шымкент қаласының стратегиялық рөлі ерекше аталды.

Шымкент әуежайы RA3 сертификатын алды

Шымкент халықаралық әуежайы сәтті түрде сертификаттау рәсімінен өтіп, RA3 (Regulated Agent Third Country) мәртебесіне ие болды. Бұл сертификат әуежайдың жүк тасымалдау саласында Еуропалық одақтың қатаң авиациялық қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес келетінін растайды.

"Даналық көпірі" жастар мен қоғамды тоғыстырды

Шымкентте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесулер өтуде.