Шымкентте 2 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған жәрмеңке өтті
Шымкентте еңбек нарығындағы белсенділік артып келеді. Бүгін қаладағы Көрме орталығында «Еңбек – өмірдің тұтқасы» атты кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған тұрғын қатысып, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес өкілдері ұсынған жұмыс мүмкіндіктерімен танысты.