Super User

Super User

Шымкент: дендросаябақта кітапхана ашылды

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы бұрынғы ескі ғимарат жаңартылып, орнына заманауи кітапхана мен шахматшылар үйі ашылды.

Түркістандағы Хан мешітінің ішкі экспозициясы келушілер назарына ұсынылды

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы құрамындағы Хан мешітіне баспасөз туры ұйымдастырылды. Іс-шараға тарихшы ғалымдар, БАҚ өкілдері және туризм саласының мамандары қатысты. Жуырда қайта қалпына келтірілген мешіттің ішкі экспозициясы толықтырылып, келушілер назарына ұсынылды. Қонақтар тарихи нысанның сәулеттік ерекшеліктерімен танысып, оның рухани-мәдени маңызы жөнінде кеңінен мағлұмат алды.

Түркістан қаласында көктемгі абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қала аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстар аясында туристік нысандар,көшелер мен тұрғын үйлер аулаларында тазалық сақтау, қоқыстарды дер кезінде шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Кентауда аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды

Кентау қаласында аулаларды абаттандыру жұмыстары бастау алды. Жалпы қала аумағында көпқабатты тұрғын үйлерге қарасты 67 аула бар. Биыл соның 33 ауласында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жоба 2027 жылға дейін жалғасатын өтпелі болып табылады.

Осы RSS каналға жазылу