Super User

Super User

Түркістан облысының әкімі Отырардағы мақта кластеріне бағытталған өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандыру, терең өңдеу саласын дамытуды тапсырды. Өңірде осы бағытта жұмыс жүруде. Түркістан облысы үшін ауыл шаруашылығы мен оны терең өңдеу – экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі.

Созақ ауданында «Мөлдір бұлақ» экоакциясы аясында 50-ден аса бұлақ көзі ашылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында Жартытөбе ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы кең көлемде ұйымдастырылды. Жартытөбе өзені бойында өткен шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл ақсақалдары, округ тұрғындары мен белсенді жастар және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына қарасты Созақ өндірістік бөлімшесісі қызметкерлері қатысып, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарға белсене атсалысты. Акция барысында Аша тауынан бастау алатын, Жартытөбе ауылының аумағына дейінгі 50-ден аса бұлақ көздері аршылды.

ШЫМКЕНТ — №1: НАУРЫЗНАМА АЯСЫНДА АСТАНА АЛАҢЫНДА ҒАЖАЙЫП МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Шымкент қаласында Наурызнама аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар легі өз жалғасын тауып, Астана алаңында ерекше форматтағы ауқымды кеш өтті. Бұл күні алаңда ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар үйлесім тауып, көрерменге айрықша әсер сыйлады. Бабалардан жеткен салт-дәстүр мен бүгінгі жастардың жігері тоғысқан кеш көтеріңкі көңіл-күйімен ерекшеленді.

Шымкент: дендросаябақта кітапхана ашылды

Шымкентте А.Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақ аумағында келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жоба сәтті жүзеге асырылды. Жасанды көл маңындағы бұрынғы ескі ғимарат жаңартылып, орнына заманауи кітапхана мен шахматшылар үйі ашылды.

Осы RSS каналға жазылу