Super User

Super User

Түркістан облысында балалардың құқығын қорғау, білім сапасын көтеру бағтында цифрлық технологиялар енгізілуде

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың арасындағы келеңсіз жағдайларды алдын алу жөніндегі штаб отырысы өтті. Онда өзекті мәселелер сараланып, жан-жақты талдау жүргізілді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүрігізді, жауапты сала басшылары мен полиция өкілдері қатысты.

Түркістан: тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде

Түркістан облысы әкімдігінде бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде жалғасуда. Бұл жұмыс тұрғындардың арыз-шағымын, ұсыныс-пікірін тікелей тыңдап, мәселелерді жедел шешуге бағытталған. 2025 жылғы 9 айдың қорытындысымен жеке қабылдауға 1 025 азамат жазылған. Жеке қабылдауға жазылған тұрғындарға 65 қабылдау ұйымдастырылып, онда 593 азаматтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Түркістан облысы: негізсіз баға көтерген 62 дүкенге айыппұл салынған

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салаларының басшыларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын саралады. Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Түркістанда «Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жасанды интеллект дәуірінде медиа және бейбітшілік журналистикасы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ауқымды шараны Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің бастамасымен, Қожа Ахмет Ясауи университеті, Мұсылман ақсақалдар кеңесі, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы бірлесе ұйымдастырды.

Осы RSS каналға жазылу