Шымкент: Маңызды мәселелер айтылды

Шымкентте Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі, әкім орынбасары Сәрсен Абайұлы мәдениет, көлік, әлеуметтік қолдау және қоғамдық тәртіп мәселелерін баяндады. Ол өз сөзінде қала өміріндегі өзекті бағыттарды қамтып, алдағы жоспарларды таныстырды.

Шымкентте туризм апталығы өтуде

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні. Осыған орай Шымкентте «Туризм аптасы» тақырыбында студенттерге арналған форум өтуде. Ұйымдастырушылар Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасы.

Шымкент: Әдебиеттанушы ғалым, көрнекті қаламгер Бегман Ысқақтың 85 жылдық мерейтойы атап өтілді

Әр дәуірдің өз абызы, өз ұлағатты ұстазы болады. Солардың бірі – қазақ әдебиетінің қазынасын зерттеп, ұлттық руханияттың көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған профессор, әдебиеттанушы ғалым, көрнекті қаламгер Бегман Ысқақ.

Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкент қаласында жеңіл өнеркәсіп саласының мамандарына арналған арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Шараның орны – жеңіл өнеркәсіп және сервис саласында кадрлар даярлайтын жетекші оқу орны – Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі.

Түркістан облысы көшет өндіруден елімізде көш басында

Түркістан облысында орман қоры ұлғайып келеді. Қазіргі таңда өңірде 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қор жері бар, бұл облыс аумағының 30 пайызын құрайды. Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021-2027 жылдар аралығына кешенді жоспар әзірленіп, 110,2 мың га жерге 170 млн көшет егу жоспарланған.

Өзбек этносы күні Шымкентте аталып өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Орталық саябақта Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» кең көлемде аталып өтті. Бұл мерекелік іс-шара еліміздегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің құрылғанына 30 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, қос мерекенің қуанышын еселей түсті.