Отырар ауданында Алғыс айту күні жоғары деңгейде аталып өтті

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін, жүректерге жылулық ұялататын айтулы мереке – 1 наурыз Алғыс айту күні ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Мәдениет сарайының төрінде өткен салтанатты жиын елдігімізді ұлықтап, татулығымызды паш етті.

Сауран ауданында «Алғыс айту - парызым» атты ісшара өтті

Сауран ауданында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Асқар Дайрабаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды.

Түркістанда әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласының Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті.  Жәрмеңкеге Шардара, Жетісай, Мақтаарал және Сауран аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей саудаға шығарды. Сонымен қатар, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген 50 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері ұсынылды.

Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» атты өңіраралық форум аясында AI Хакатонның ашылуы өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның салтанатты ашылуы өтті.

Ордабасылық шаруа мемлекеттік қолдаудың арқасында жылқы шаруашылығын қолға алып отыр

Ордабасы ауданына қарасты Қараспан ауыл округінде тұратын шаруа Нұржан Сәуленбеков жылқы бордақылаумен айналысады. Ол 2021 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 25 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған.

Созақ ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн теңгеден асқан

Созақ ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 42 млрд 134 млн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 129,9%-ға артқан. Сондай-ақ, былтыр аудан экономикасына 311 млрд 427 млн теңге инвестиция тартылып, 2024 жылмен салыстырғанда 71 млрд 27 млн теңгеге өскен. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Түркістан қаласында Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті

Түркістан қаласында қазақ кино және театр өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Қыз Жібек» көркем фильміндегі басты рөлді сомдаған аңыз актриса Меруерт Өтекешованың 75 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Түркістан облысында заманауи спорттық-оқыту хабының құрылысы жоспарлануда

Түркістан облысында спортты, туризмді және инвестицияны дамытуға бағытталған жаңа ауқымды жоба жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров осыдан бірер күн бұрын инвесторлармен кездесіп, Ұлттық спорттық-оқыту және сауықтыру хабын салу мәселесін талқылады. Жобада футболшыларға арналған заманауи, тәулік бойы жұмыс істейтін жаттығу базасы қарастырылған. Ауқымды инвестжоба Сарыағаш ауданында салынбақ. Бұл аймақ ауа-райының қолайлылығымен ерекшеленеді, сондықтан база жыл бойы үздіксіз жұмыс істей алады.

Түркістан облысында 100 туристік орын анықталды

Түркістанда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы мен туризм басқармасының бірлесе атқарған жұмыстары нәтижесінде 100 туристік орын анықталды. Олардың қатарында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт жерасты үңгірі, Қазығұрт ауданындағы “Кеме қалған” монументі, Түлкібас ауданында “Ақсу Жабағылы” мемлекеттік табиғи қорығы, Отырар ауданнында Арыстанбаб кесенесі бар. Бұл жайында Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов БАҚ өкілерімен өткен брифингте мәлімдеді.