Аграрлық саясаттың жаңа бағыты: Мал шаруашылығы, жер және су реформасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің форумында агросекторды дамытудың үш негізгі бағыты – мал шаруашылығының әлеуетін арттыру, жер қатынастарын реттеу және су тиімділігін күшейту – бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ордабасы ауданы: «Рамазан-Агро» ЖШС – жылына 35 000 тоннаға дейін мақта талшығын өндіруде

Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласында тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі Төрткүл ауылындағы «Рамазан-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл шаруашылық 2009 жылы құрылып, егін шаруашылығымен айналысып келеді. Компанияның негізгі бағыты – суармалы жерлерде мақта егу және оны өңдеу арқылы ішкі және сыртқы нарыққа жоғары сапалы өнім ұсыну.

Кентауда абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда

Кентау қаласында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 8 аулаға балалар ойын алаңшалары, спорттық жаттығу элементтері мен кіші футбол алаңшалары орнатылуда.

Кентауда «Халық заңгері» акциясы өтті

Кентау қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтті. Аталмыш акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруды және тегін заң көмегін көрсетуді мақсат етті. Іс-шара қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлепов және қала прокуроры Назарбай Ибраймолдаев төрағалығымен ұйымдастырылды.

Кентау қаласында әлеуметтік қолдау мәселелеріне арналған жиын өтті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті лездемелік жиын өтті. Жиында екі өзекті мәселе қаралды. Алғашқы болып қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Андосов Кентау қаласындағы мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы туралы есеп берді.

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында жаңа жедел жәрдем бекеті ашылды

Мемлекет басшысы мен облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңір халқының шұғыл медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру, қызмет сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Сол бастамалардың нақты көрінісі – бүгін есігін айқара ашқан жаңа жедел жәрдем бекеті.

«Таза Қазақстан»: Шымкент тұрғындары қаланың экологиялық келбетін жақсартуға үлес қосуда

Бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара қаланың барлық аудандарында – Абай, Әл-Фараби, Еңбекші Қаратау және Тұран аумақтарында өтті.

Кентау қаласында суретші Болат Исабековтің «Көңіл толқыны» атты жеке көрмесі өтті

Кентау қалалық музейінде суретші, ұстаз, шығармашылық тұлға, «Бабалар аманаты» этнографиялық дизайнерлер одағының мүшесі Болат Исабековтың «Көңіл толқыны» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.