Жұма, 27 Наурыз 2020 11:50

Түркістанда тұтынушылардың қарызы болса да коммуналдық қызметтер үздіксіз көрсетіледі

 

Түркістан облысында жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды.

 ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілеріне төтенше жағдай кезінде тұрғындардың қарызының болғанына қарамастан тұтынушыларға көрсетілетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтерді көрсетуді тоқтатпауға кеңес береді. Атап айтқанда, жарық, су, газ беру қызметтеріне қарызы барлардың үйіне көрсетілетін коммуналдық қызметтер тоқтатылмайды. Егер де табиғи монополиялар субъектілері заңсыз әрекетке барып, өз құзіреті шегінде төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетке барса, 8 72 533 4-25-33 телефон нөміріне хабарласып, шағымыңызды қалдыруға болады.

Айта кетейік, Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі шаралар жүзеге асуда.

Мамандардың айтуынша, облыста аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтау керек және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн екенін еске салады.

 

 

Оқылды 550 рет