Сенбі, 14 Наурыз 2020 21:26

Саялы Сайрам ауданы: қызу еңбек қайнаған

     Сайрам ауданының əкімі Уласбек Сәдібекұлы Құтарыс және Көлкент ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды. Аудан әкімі әуелі аудан көлемінде ұйымдастырылған сенбілік аясында Құтарыс ауылындағы көшет отырғызу жұмыстарына қатысты.  

 

  Көктемгі күн райы мен дәстүрлі "Көрісу күнінің" әсері болар ауыл тұрғындары татулықты, жергілікті жұмысшы топ өнімді, нәтижелі жұмысты көрсете білді. Жемісті жұмысты көрген аудан басшысы әрі қарай осы аумақтағы балалардың ойын алаңшаларының жағдайын көрді. 

  Еске салсақ, оыдан біраз уақыт бұрын аудан әкімі Құтарыс ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны ретке келтіруге тапсырма берген болатын. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы сол тапсырманың орындалғандығына көз жеткізді. Ол жерден шығып, "Қамқорлық" бағдарламасы аясында тізімге ілінгендердің шаңырағына барды.

   Онда Сайрам ауданы мәслихатының депутаты Қуаныш Сыздықовтың демеушілігімен Құтарыс ауылының тұрғыны Бағлан Атанбаев пен Құрақбай Көбдіковтің отбасына қажеттілігіне қарай азық-түлік және киім-кешекпен қолдау көрсетілді

Оқылды 727 рет