Аудандағы барлық 74 мектеп өз есебінен хлороминмен дезинфекциялау жұмыстарын аяқтап, білім беру мекемелері толығымен карантинге жабылды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Құралай Балтабайқызының мәлімдеуінше, 17 наурыздан бастапммектептерде бір ғана кабинет ашық болады.
- 17 наурыздан бастап мектеп директоры мен орынбасарлары, мектеп әкімшілігі бір ғана кабинетте кезекшілікпен отыратын болады. Каникулдан кейін мұғалімдер онлайн режимде жұмысын жалғастырады және айлығы сақталады. Ал балабақшалар жабылмайды. Барлық балабақшада қазіргі таңда кварцтау қызметі кестеге қойылды.
Сонымен қатар, бұған дейін күніне 1 рет хлороминмен дезинфекциялау жұмыстары жүретін. Бүгіннен бастап күніне үш мезгіл кестеге сәйкес санитарлық тазалық жұмыстары қатаң сақталады, - деді бөлім басшысы.
Айта кетейік, 16 наурыз күнгі дерек бойынша, аудандағы балабақшаға балалардың келу саны 51%-ды құрады. Балалардың 49%-ы түрлі себеппен келмеген.
