Мерекелік күні медициналық қызметкерлер аналарды құттықтап, жүрекжарды тілектерін арнап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Аталмыш шара тек мерекелік іс-шара болып қана қоймай, аналарға көрсетілген шынайы құрметтің айқын дәлелі болды. Айта кетейік, «Шаңырақ» күніне орай қаладағы барлық төрт перзентханада аналарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен сыйлықтар табыс етілді. Жыл басынан бері Шымкент қаласында 4 911 сәби дүниеге келді. Оның 2 493-і ұл, 2 418-і қыз. Әрбір жаңа туған нәресте – бір отбасының қуанышы, бір шаңырақтың шаттығы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат