Аталған сенбілікке аудан бойынша 400-ге жуық тұрғын белсенді түрде қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстарына арнайы 20 техника жұмылдырылып, елді мекен көшелері, қоғамдық орындар, арық-атыздар мен жол жиектері қоқыстан тазартылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар мен қоқыс шығарылып, белгіленген орындарға жеткізілді. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат