Оның ішінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарында оқытуға 14 мекемеге 160 тұрғын, ал білім беру ұйымдары базасында 19 мекемеге 260 жұмыссыз азамат жолданады. Қалған 190 орын бойынша алдағы уақытта мекемелерден өтініштер қабылданып, комиссия қарауына ұсынылатын болады. Кәсіптік оқуға қатысу үшін азаматтар алдымен жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Сонымен қатар, жеке куәлік, шәкіртақы алуға арналған жеке есепшот нөмірі, 075 нысандағы медициналық анықтама және білімі туралы құжат (бар болған жағдайда) талап етіледі.
Білім беру ұйымдарында кәсіптік оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 43 574 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқу мерзімі – 3 ай. Оның ішінде 1 ай теориялық сабақтарға, ал 2 айы өндірістік тәжірибеге арналған. Ал жұмыс берушілердің жұмыс орындарында кәсіптік оқыту бағдарламасына қатысатын тұрғындарға ай сайын 86 500 теңге (20 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде жалақы төленеді.
Оқуды аяқтаған азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік бар. Бағдарлама аясында тігінші, арнайы тігінші, кестелеуші, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиешінің көмекшісі, визажист, шаштараз-стилист, электронды есептеу машинасының операторы, пішуші, кеңсе менеджері, қолмен тоқу шебері, киім дизайнері және наубай сияқты бірқатар сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту жүргізіледі.
Оқуға қатысу үшін тұрғындар тіркелген мекенжайы бойынша аудандық мансап орталықтарына барып, өтініш бере алады. Мансап орталықтарының мекенжайлары төмендегідей:
– Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
– Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
– Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
– Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
– Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат