Атап айтқанда, қалаға кіреберіс аумақтарды көріктендіру, ретке келтіру және абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілді. Сенбілікке 1200-ге жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында көшелер мен елді мекендер ішіндегі аяқжолдар тазартылып, ирригациялық жүйелер қоқыстан аршылды. Көрнекі орындар мен қоршаулар сырланып, қоғамдық аумақтардың келбеті жаңартылды. Сонымен қатар көктемнің сәнін кіргізетін көшеттер отырғызылып, жасыл желекті көбейтуге басымдық берілді. Шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, табиғатты аялауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндеу. Тазалық – бір күндік науқан емес, әрбір азаматтың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Көктемгі сенбілік – жаңару мен жасампаздықтың бастауы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат