Сауда сөрелерінде ет және сүт өнімдері, қаймақ, жұмыртқа, көкөністер, сондай-ақ күнделікті тұтынуға қажетті өзге де тауарлар қойылды. Барлық өнімдер делдалсыз, тікелей өндірушілерден жеткізіліп, нарықтағы бағадан 30–50 пайызға дейін төмен бағада сатылды. Аталған жәрмеңке тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік берді. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бағаны тұрақтандыруға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады. Сонымен қатар, бұл бастама жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынып, өткізу нарығын кеңейтуге және өндіріс көлемін арттыруға жағдай жасайды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат