Сауран ауданында ірі қара мал бордақылайтын кешен құрылысын бастаған азамат жеңілдетілген несие алуға өтінім бергенін айтып, алайда әлі күнге дейін қаржыға қол жеткізе алмай жүргеніне шағымданды. Жоба бойынша мал бордақылайтын алаңнан басқа, құрама жем зауыты мен былғары өңдейтін цехты іске қосу көзделген. Ірі жобаны қаржыландыру 2026 жылдың жоспарына енгізілген.
Қазығұрттық қария жылыжай құрылысы мен мал шаруашылығын дамытуға жер берілсе деген өтінішін жеткізді. Азаматқа шаруашылық жүргізуге жер алу заңдылығы түсіндіріліп, жарияланатын конкурсқа қатысу туралы ақпарат берілді. Астаналық компания өкілдері белгілі бір аймақтарда қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін жолданған сұранысты қанағаттандыруға ықпал етуді сұрады. Өтініш иесіне сұраныс бойынша заң талаптарының сақталуы үшін нақтылауларды қажет ететін қосымша зерделеу-анықтау шаралары жүргізілетіні айтылды. Нұрбол Тұрашбеков көтерілген барлық мәселелер бойынша жауап беріп, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
Осы тұста Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы саласының дамуы туралы да аз-кем айта кетер болсақ, Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені – жалпы өңірлік өнімнің 20%-ын құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артты. Егіс құрылымына сәйкес: - дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға; - майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға; - мақта 38 мың гектарға артып, 145 мың гектарға орналастырылды. - көкөніс, бақша алқаптары өткен жылғы деңгейде сақталып, 118 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 230 мың гектарды құрады. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде, 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп, 1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 млн тонна мал азықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналды.
Өсімдік шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында озық технологияларды енгізу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 мың гектар алқапқа енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады. Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі туралы айта кетер болсақ, су шығыны 30–50%-ға дейін аз жұмсалады. Тыңайтқыштарды сумен беру арқылы өнімділік 20–30%-ға артады. Осының арқасында өңірде мақта дақылы жаңа әдіспен 52 мың гектар алқапта егіліп, өнімділік екі есеге артты (50-60 ц/га). Дәстүрлі егісте бір гектарға 5 мың м3 су пайдаланылса, жаңа технология арқылы ағын су 2 есе аз жұмсалды. Сонымен қатар күріш дақылы елімізде пилоттық негізде алғашқы рет тамшылатып суару технологиясымен егілді. Қарапайым әдіспен гектарына ағын су 34,0 мың м3 дейін пайдаланылса, технология есебінен ағын су 3,5 есе аз пайдаланылды (8-10 мың м3). Нәтижесінде өнімділік 1,3 есе артып 65 центнерден өнім жиналды (Лазер сорты). Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қол жетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтитын 3 кәсіпорын іске қосылды.Бұдан бөлек, қуаттылығы 67 мың гектарды қамтитын 3 кәсіпорын іске асырылады. Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологиясымен облыспен қатар, көршілес өңірлердің қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады.
Мақта өніміне экспорттық тәуелділікті жою, дайын өнім секторына кешенді өту бақытында өңірде мақта-тоқыма кластерін құру жобасы басталды. Бұл бағытта, құны 201 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, мақта өнімділігі 3 есеге дейін артады, 7 мыңнан астам жұмыс орны құру көзделуде. «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау бойынша көпсалалы нысанның құрылысы басталды. Жоба құны 146,8 млрд теңге. Толық циклді мақта өңдеуден, тоқыма, иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу бойынша 4 зауыт салынады. Болашақта отандық дайын тоқыма өнімдері брендтерде ішкі және сыртқа нарықтарға шығарылатын болады. Облыста жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда. Жылыжайлардың жалпы көлемі 75 гектарға ұлғайып, бүгінде 1 715 гектарды құрады. Түркістан облысының республикадағы үлесі 76%-ға жетті. Бүгінгі күнге, жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналды.Жылыжай шаруашылықтары соңғы жылдарда субтропикалық банан, лимон және табыстылығы жоғары құлпынай өнімдерін жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон, 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында. Республикадағы ірі қара малдың 14% (1109,4 мың бас), ұсақ малдың 22% (4825,6 мың бас), жылқының 11% (486,9 мың бас), түйенің 14% (43,4 мың бас) облыстың үлесінде. Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Осы жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20,0 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуды. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады.
Отандық нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. Бұл бағытта, облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025–2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол карта аясында жалпы құны 295,5 млрд теңгеге 78 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған (2 652 жұмыс орны, оның ішінде 833 тұрақты, 1819 уақытша). Биыл құны 116,3 млрд теңгеге 31 жоба жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге құны 60,8 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Тиісті кезеңмен салыстырғанда, 10 айда: Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды (112,4%); Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд теңге инвестиция тартылып 1,3 есе ұлғайды (130,6%); Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $355,5 млн-ды құрап, 1,1 есеге артты (110,4%). Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд теңгеге ұлғайып 1 трлн 86,9 млрд-ты құрады, үлесі Республика алғашқы орында. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн 207 млрд теңгеге, нақты көлем индексі 105% жеткізіледі.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш-жылда, тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанаржағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (Жоспар 190 мың тонна).
Жалпы 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артып отыр. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айына 2 329 жобаға 26,4 млрд теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан 1,6 есе артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5,8 млрд теңге (262 жоба); «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ»ЖШС арқылы 12,7 млрд теңге (1704 жоба); «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 8,0 млрд теңге (363 жоба). Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қолданыста 25 мың бірлік техникалар бар. Оның ішінде, 16 мың трактор, 1,8 мың комбайн және 11,6 дана қосалқы агрегаттар бар.
Бүгінгі күнге, тауар өндірушілер 1 531 дана жаңадан техникалар сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8%-ды құрады. Жыл соңына дейін 10%-ға дейін жаңалау қамтамасыз етілетін болады. Өзіңіздің қолдауыңызбен, биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС-гі арқылы 470,0 млн теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданында «Мақталы Жер» ЖШС МТС-і құрылды. Серіктестіктің жалпы 87 бірлік техникалары бар (Несие қаржы есебінен 37 бірлік сатып алынды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат