Атап айтқанда, бөлім қызметкерлеріне:
• құтқарушы кеудешесі – 20 дана
• дүрбі – 3 дана
• мегафон (акустикалық жүйе) – 2 дана
• квадрокоптер (дрон) – 1 дана
• бензинді ауа үрлегіш – 20 дана
• өрт сөндіруші металл тұтқасы бар құрал – 120 дана
• спутниктік телефон (Турайа) – 2 дана табыс етілді.
Шараға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, сондай-ақ аудандық құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, құтқарушыларға берілген жаңа жабдықтардың тиімділігімен танысты. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы бұл жабдықтар құтқарушылардың жұмысын жеделдетіп, төтенше жағдайлардың салдарын дер кезінде жоюға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Ал Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев көрсетілген қолдау үшін алғысын жеткізді. Болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алу мақсатында оқу-жаттығу шаралары тұрақты түрде өтіп жатқанын және жаңа жабдықтар бөлім қызметкерлері жұмысының тиімділігін арттыратынын атап өтті.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат