Дүйсенбі, 15 Қыркүйек 2025 21:14

Оңтүстік Корея туроператорлары Шымкентке келді

Оңтүстік Корея Республикасының туроператорлары Шымкент қаласына іссапармен келді. Мақсат – Оңтүстік Корея мен Қазақстан туроператорлары арасында өзара ынтымақтастық орнатып, екіжақты меморандумға қол қою.

Алғашқы күні қонақтарға Шымкенттің туристік әлеуеті таныстырылды. Делегация «VisitShymkent» туристік ақпараттық орталығында және «Shymkent Creative Hub» алаңында болып, қаланың мәдени және шығармашылық бағыттағы бастамаларымен танысты. Сондай-ақ, тарихи-мәдени кешен «Shym-Qala» цитаделін аралап, көне шаһардың тарихына қанықты. Бұдан бөлек, Бейсбековтер әулетінің «Алтын Орда» галереясында қонақтар ұлттық өнер туындыларымен жақынырақ танысты. Делегация «Сейтжан Қари Есжанұлы» мешітіне барып, аймақтың рухани құндылықтарымен танысты. Бұдан кейін қонақтар Шымкент ипподромында болды. Мұнда оларды Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Дарменов Ермек Аманжолұлы күтіп алды. Қонақтарға ұлттық спорт түрлерінен арнайы бағдарлама ұсынылып, олар «Көкпар» мен «Қыз қуу» ойындарын тамашалады.

 

Екінші күні Қазақстан және Оңтүстік Корея туроператорлары өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

 

Құжаттың басты мақсаты – жаңа тікелей әуе рейстерінің ашылуына байланысты туристік байланысты дамыту және Шымкенттің туристік әлеуетін ілгерілету.

 

Меморандум аясында:

• бірлескен туристік бағдарламалар әзірлеу;

• топтық және жеке турларды ұйымдастыру;

• онлайн платформалар мен көрмелер арқылы турөнімдерді ілгерілету;

• ақпарат және тәжірибе алмасу;

• қызмет сапасын арттыру бағыттары қамтылды.

 

Бұл келісім екі ел арасындағы туризмді дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға тың серпін бермек.

Шымкент қаласының бай мәдениеті мен туризм саласындағы мүмкіндіктерін көрсету – екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға негіз болмақ.

 

Оқылды 247 рет