Сәрсенбі, 02 Шілде 2025 19:52

Ордабасы ауданында инфрақұрылымдық нысандар аудан әкімінің қадағалауында

Аудан әкімі аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Ең алдымен, орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы жүргізіліп жатқан аумаққа арнайы барып, ондағы жұмыс барысын қадағалады.

Бұдан бөлек, Найман арық каналы мен өзге де әлеуметтік нысандарды аралады. Балаларға арналған ойын алаңшаларының жай-күйі, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы, санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстары жіті назарға алынды.

Жұмыс сапары барысында тиісті сала жетекшілері мен мердігер мекемелердің өкілдеріне жұмыстардың қарқыны, сапалы және белгіленген мерзімде аяқталуы бойынша нақты тапсырмалар берді

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 23 рет